Шорт-тректен Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарының эстафеталық сынында қос қола жеңіп алды.
Ерлер арасындағы бәсекеде Дмитрий Бабенко, Денис Кузин мен Федор Мезенцев Оңтүстік Корея мен Жапония елінің шорт-трекшілеріне жол беріп алды. Ал қыздар арасында А Ким Йонг, Анастасия Крестова, Мадина Жанбосынова мен Ольга Тихонова да командалық сында 4:20.034 минут көрсеткішімен қола жүлдеге қол жеткізді. Алтын медальды Оңтүстік Корея елінің шорт-трекшілері жеңіп алса, күмісті Қытай құрамасы иеленді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын 2 күміс 4 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.