Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының құрамына алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Самат Смақов үшжылдық үзілістен кейін қайта шақырту алды. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлап отыр.
Құрамадағы ойыншылардың алаңдағы кей жүйелерге сәйкес келмеуі мен жетіспеушілігінен бапкерлер қосыны ардагер футболшыны команда қатарына шақырған. «Қайрат» комндасының капитаны алдағы Қырғызстан құрамасымен жоспарланған жолдастық кездесуге, және Латвиямен өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кездесуінде жерлестерімізге көмектесетін болады.
Айта кетейік, Самат Смақов ұлттық құрамадағы тұңғыш кездесуін 2000 жылдың 31 наурызында Иорданияға қарсы өткізген болатын. Одан кейінгі аралықта 59 ойынға қатысып, 1 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген.
Дайындаған:Өмірбек Сансызбай
Сурет:pfl.kz