Танымал қазақстандық футболшы Самат Смақов спорттық мансабын Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубында жалғастыратын болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.
Шымкенттік клуб пен футболшы арасындағы келісімшарт мерзімі маусым соңына дейін бекітілген.
Самат Смақов маусымды «Ақтөбе» клубының сапында бастаған болатын. Ел премьер-лигасының бірінші айналымы аяқталар тұста жартылай қорғаушы негізгі құрамда көп көріне қойған жоқ. Кейіннен ойыншының өзге клубқа ауысуы мүмкін туралы ақпарат тараған-ды. Ал Саматтың өзі «Ақтөбеден» неліктен кеткені туралы кейін айтатынын мәлімдеген болатын.
Бұл маусымда Самат Смақов «Ақтөбе» клубы сапында 13 ойынға қатысып, 5 гол соқты. Оның ішінде 4 голды 11 метрлік айып соққысынан орындаған.