Салық төлеуден қашқан Месси мен Роналду сотталады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Салық төлеуден қашқан Месси мен Роналду сотталады
Фото ©️ Pressafrik

Салық төлеуден жалтарған әйгілі футболшылар Лионель Месси мен Криштиану Роналду Испания Жоғарғы сотының үкімімен түрлі деңгейде жазаға тартылатын болады. Қазіргі таңда қос футболшыға қатысты алғашқы шешімдер қабылданып үлгерген.

БӨЛІСУ

Испан басылымдарының жазуы бойынша аргентиналық футболшыға 21 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шыққан. Испан заңнамасына сәйкес, екі жылға жетпейтін мерзім шартты жазаға ауыстырылуы мүмкін. Сондықтан футболшы жазасын түрмеде өтеуге міндетті емес.

Месси мен оның әкесі Хорхе өткен жылдың маусымында 2007, 2008, 2009 жылдары 4,1 миллион еуро салықты жасырды деп айыпталған еді. Сондай-ақ, кейбір БАҚ-тардың мәліметінше, Месси 2,1 миллион еуро сомасында айыппұл төлеуі тиіс. Ал футболшының әкесінің жазасы 21 айдан 15 айға дейін қысқарған.

Криштиану Роналду болса 2011-2013 жылдар аралығында ел қазынасына салық төлемеген. Сот футболшының түрлі қулықтар арқылы жалтарғанын дәлелдеген. Әлем таныған аяқ доп шебері өз қателігін мойындап, айыппұл төлейтін болса (8 миллион еуро) сот ойыншыны жайына қалдырады. Егер қарсы шығып, ісі толықтай расталса 1 жылға сотталатын болады.

Айта кетейік, Испаниядағы салық мөлшері футболшылар жалақысының тең жартысына сәйкес келеді.