"Ливерпуль" футбол клубына израильдік ойыншы Моанес Даббур ауысып келетін болса, мысырлық шабуылшы Мұхаммед Салах командадан кетпек. Бұл талабын клуб басшылығына жеткізген.
The Jerusalem Post ақпараты бойынша мерсисайдтық клуб "Ред Булл Зальцбург" сапында ойнайтын шабуылшыға қызығушылық танытқан. Ал Мұхаммед Салах израильдік футболшыларды жақтырмайды. (Бәлкім израильдік футболшылар да жақтырмайтын болар)
Бір командада ойнағысы келмеуінің де себебі бар. Өйткені Египет пен Израиль саяси көзқарастары кереғар елдер. Геосаяси жағдай мен кикілжің көп. Әскери қақтығыстар да аз болмаған.
Швейцарияның "Базель" клубында ойнап жүргенде де Мұхаммед Салах израильдік командаға қарсы ойнаған. Сол ойын басында аяқ киімінің бауын байлағансып, кейіннен қарсы команда ойыншыларының қолын алмай қойған болатын.