Сәкен Бибосынов ұлттық құрамадан кету жайлы ақпаратқа жауап берді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Сәкен Бибосынов ұлттық құрамадан кету жайлы ақпаратқа жауап берді
Фото ©️ olympic.kz

Бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері және әлем чемпионы Сәкен Бибосынов мансабына қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа жауап берді. Ол ұлттық құрамадан кетпегенін хабарлап, тараған ақпаратты жоққа шығарды. 

БӨЛІСУ

Бұған дейін әлеуметтік желіде танымал боксшының бапкері Мырзағали Айтжановпен бірге кететіні туралы ақпарат тарап кеткен болатын.

Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді?! Мынау сөз – жалған ақпарат. Мен боксты қойған жоқпын, - деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов Париждегі Олимпиада ойындарында жүлделі орынға іліге алмады. Ширек финалда Олимпиада чемпионы атанған өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовқа жол берді. 

Париждегі Олимпиада ойындарынан Мырзағали Айтжанов бастаған ұлттық құраманың 10 жаттықтырушысы қызметінен босатылды