Қазақстандық боксшы 51 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды msports.kz.
БӨЛІСУ
Отандасымыз ширек финалда өзбек боксшысы Асылбек Жалиловке жол берді. Тартысқа толы өткен жекпе-жекте төрешілер Cәкеннің қарсыласын жеңімпаз деп таныды.
Бүгін тағы үш боксшымыз шаршы алаңға шығады. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай тәжік боксшысын жеңіп, жартылай финалға өткен еді.