Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Қазақ боксшысы жартылай финалда тай боксшысы Танарат Саенгфетті жеңді.
БӨЛІСУ
51 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте отандасымыз 4:1 есебімен басым шықты. Сәкен өз мәнерінде жұдырықтасты. Шабуылда ширақ, жұдырық сілтеуде жылдам, қорғануда мығым болды.
Финалда қазақ боксшысы америкалық Роско Хиллмен жұдырықтасады.
Сәкен финалға шыққан үшінші боксшымыз. Осыған дейін Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырхан өткен. Абылайхан Жүсіпов қола жүлдегер атанған-ды.