"Астана" командасының қазақстандық велошабандозы Алексей Луценко "Алматы туры-2017" велододасындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді. Айта кетсек, Луценко алматылық "Турда" осымен төртінші рет жеңіске жетіп отыр. Айтуынша, командаласы Якоб Фульсангтың екінші кезеңдегі жеңісі алдын ала жоспарланған, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
- Алексей, бүгін жоспар бойынша болды ма? Фульсангтың жеңгені әдіс пе еді әлде жарыс барысында шешілді ме?
- Бүгін ауыр, жүйкеге әсер ететін жарыс болды. Ырғақ ауыр. Бастапқыда қарсыластарды екі минутқа алға жіберіп алдық. Біздің команда бүгін жақсы жұмыс істеді. Жігіттер берілген тапсырманы жүз пайызға орындады, жарады. Соңына дайындаған әдісіміз болды, Якоб шабуылдайды деп директорларымызбен ақылдастық. Оның таулы жолда мықты екенін бәріңіз білесіздер. Сондықтан мәреге бес шақырым қалғанда шабуылды бастады. Спортшылар оны қуып жете алмады. Мен әрдайым екінші-үшінші дөңгелек болдым. Якоб жарады, Медеуге дейін шыдас берді. Команда керемет жарысты - қос кезеңде де жеңіске жету, бас классификацияда бірінші және үшінші орын.
- Якобқа таулы жол ыңғайлы ма екен?
- Жарыс алдында тауға шығып, қарадық. Дәл осы бес шақырым қалғанда градиент ірі болатынын айттым. Сондықтан ол дайындықпен келді.
- Сіздің карьераңыздағы үздік маусым "Алматы турымен" аяқталды.
- Иә, бүгін маусымдағы соңғы күнім болды. Енді Петропавлға, үйіме барамын. Демаламын, келесі маусымға дайындаламын, бағдарламаны басшылықпен ақылдасып, кейін жиындарға барамын. Көңілім толады. Ата-анама барамын.
- Бұл маусымда Сіз екі Гранд-турға бардыңыз, келесі маусымда Сізге қайсысы қызығырақ болады?
- Иә, "Тур де Франс" пен "Вуэльтаға" қатыстым. "Джироға" қатысып көргім келеді, мұнда жарыспаппын. Көреміз, ақылдасамыз. Маусымның басталуына дайындалу қажет, классиктерге де, бұл жарыстарда жетістікке жетіп те жүрмін. Болар істің алдын орамайын - қазіргі бар ойым үй мен отбасымда.
- Александр Винокуров чемпионаттан кейін Сізді Петер Саганмен бәсекелес болады және әлемдік велоспорт лидерлерімен тең деп еді. Өзіңіз де осылай ойлайсыз ба?
- Иә, Саган сияқтылармен жарысуға болатынына моральдық тұрғыда сенім бар. Сондықтан келесі жылы жақсылап дайындалып, классиктерге дайындықпен келу қажет, сонда ғана жетістікке жетуге болады.
Еске салайық, "Астана" командасының дат велошабандозы Якоб Фульсанг "Алматы туры - 2017" қоскүндік екінші кезеңінде жеңіске жетті, ал таяуда бірінші кезеңде топ жарған команда капитаны Алексей Луценко бас классификация жеңімпазы атанды.