Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) мексикалық қарсыласы Джонни Навареттемен (33-15-2, 15 КО) қолғап түйістіріп, нәтижесінде жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Садриддин алғашқы раундтан-ақ ауыр соққыларымен көзге түсті. Уақыт өткен сайын қарсыласынан басым екенін көрсетіп, шабуылды үдете түсті. Алыс-жақын қашықтықта шабуылдай жүріп қорғанып, аяқпен жылдам жұмыс істеп, сауатты соққылар жұмсай білді.
Қазақстандық боксшының қарсыласы Наваретте жетінші раундқа сүйретіле жетіп, ақыры жетінші раундта жекпе-жектен бас тартты.
Садриддин Ахмедов кәсіпқой рингте 10 кездесу өткізіп, барлық кездесуде жеңіске жетті.