Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 12 KO) кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
26 жастағы отандасымыз (15-0, 13 КО) Калифорнияда өткен бокс кешінде америкалық Рафаэл Игбоквені (17-6, 7 КО) жеңді. Он раундқа жоспарланған жекпе-жек жетінші раундта тоқтатылды. Садриддин техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Жекпе-жекке Садриддин Ахмедовті Генаның бұрынғы бапкері Абель Санчес дайындады.
Бұл - қазақстандық боксшының АҚШ еліндегі екінші жеңісі. Тамыздың соңында америкалық Антонио Тодданы (17-11, 9 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жеткен болатын.