Садраддин Ахмедов салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Садраддин Ахмедов салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті
Фото ©️ sports24.kz

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Садраддин Ахмедов (14-0, 12 KO) кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

АҚШ-тың Санта-Инез қаласында өтетін Hollywood Fight Nights бокс кешінде отандасымыз америкалық боксшы Рафаэль Игбоквемен (17-5, 7 КО) жұдырықтасады.

Турнирді Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер ұйымдастыруда. Сондай-ақ жекпе-жекке де Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчес дайындап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SOLDIER OF QAZAQ(S.O.Q) (@sadriddin_____soq)

👌 Садраддиннің салмағы қарсыласынан бір келідей ауыр болды:

🔴 Садраддин Ахмедов - 72,03 келі
🔴 Рафаэль Игбокве - 71,21 келі

✔️ Орта салмақ лимиті - 72,57 келі (160 фунт)

🗓 Жекпе-жек 14 желтоқсан күні таңда өтеді. Бұл оның АҚШ-та екінші жұдырықтасуы болады. Тамыздың соңында америкалық Антонио Тодданы (17-11, 9 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жеткен болатын. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!