Сабина Алтынбекова жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
Сабина Алтынбекова жеке өмірі туралы бар шындықты айтты
Фото ©️ instagram.com/altynbekova_20/

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова продюсер Саят Тостықбаевпен екіге кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Елдегі ең танымал спортшылардың бірі тұрмысқа шыққаны туралы ақпарат БАҚ-та 2020 жылдың аяғында пайда болды. 2021 жылы ерлі-зайыптының ұлы дүниеге келді.

Қазір Сабина Алтынбекова ажырасып кеткен.

"Ресми түрде некеге отырдым, енді ресми түрде ажырастым", - деп жауап берді ол.

Сабина Алтынбекова - әлемдегі ең танымал қазақстандық спортшылардың бірі. Ол бұған дейін 2022/2023 маусымда БАӘ-де "Әл-Васл" командасының сапында алаңға шықты.

Ол волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының құрамына кірді, ал 2014 жылы Азия жасөспірімдер чемпионатының ең әдемі волейболшысы атанды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз