Индонезияның sportsatu.com порталы Азия құрлығындағы ең сұлу спортшылардың рейтингін тізіп шығыпты. Бұл қатардың көшін қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова бастаған.
Азия құрлығының сұлулары туралы ақпарат алдымен қазақстандық волейболшы туралы басталған. Яғни, «сары құрлықтағы» ең сұлу спортшы кім дегенде, алдымен ойымызға 2014 жылы сұлулығымен танылған Сабина Алтынбекова оралады. Сіздер қызықсаңыздар, бүгін сіздерге сұлулығымен Сабинаға бәсекелес атана алатын өзге спорт түрлеріндегі сұлуларды таныстыратын боламыз, - деген ақпаратта.
Индонезиялық портал түзген рейтингте Сабинадан кейін футболдан Қытай әйелдер құрамасының қақпашысы Чжао Лина орналасса, үшінші орынды үндістандық шахматшы, халықаралық деңгейдегі гроссмейтер үндістандық Таниа Сачдеа иеленген. Бұл спортшылардан бөлек аталмыш рейтингтке индонезиялық бондминтоншы қыз Рики Амелиа Прадипта, суға секіруден Олимпиада ойындарының төрт дүркін чемпионы қытайлық Го Цзинцзин және мәнерлеп сырғанаудан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы және 2010 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері жапониялық спортшы Мао Асада да енген.
Айта кетейік, осыған дейін Сабина Алтынбекованың Индонезия әйелдер волейболының дамуына үлес қосуы мүмкін деген ақпараттар тараған болатын.
Футболдан Қытай әйелдер құрама командасының қақпашысы
Үнділік шахматшы, халықаралық гроссмейстер
Индонезиялық бадминтоншы
Қытайдың суға секіруден төрт дүркін Олимпиада чемпионы
Мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның бірнеше дүркін әлем чемпионы, 2010 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері
Сурет: sport-express.ru, russian.dbw.cn, AFP, gossip1.net
Оқи отырыңыз
Сабина Алтынбекова: "Армансыз күнім болмайды"
Сабина Алтынбекова жаңа жылды қалай қарсы алды? (видео)
Сабина Алтынбекова жаңа жетістігін «instagram» желісінде бөлісті