Рыбакина мен Джоковичтің кортта қол алысқан видеосы тарады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Рыбакина мен Джоковичтің кортта қол алысқан видеосы тарады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен танымал серб теннисшісі Новак Джокович Уимблдон жарысының жаттығу кортында кездесіп қалды. Олар қол алысып, жымия амандасқан сәттің видеосы желіде тарады. 

БӨЛІСУ

Видеоны көрген желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірді. Тіпті, кейбірі Еленаның кортта күлгенін алғаш рет байқаған жазған. "Олар тағы да жеңімпаз атанады" - деп пікір айтқандар да көп. 

Айта кетейік, осыған дейін Елена Рыбакина Истборндағы (Ұлыбритания) турнирге қатысудан бас тартқан еді. Ал оған дейін денсаулығына байланысты Берлиндегі турнирді жалғастыра алмай қалған болатын.