Ауыр салмақта бақ сынайтын қазақ кәсіпқой боксшысы Руслан Мырсатаев аргентиналық боксшы Андреас Матиас Афранлиді уақытынан бұрын жеңіп шықты.
БӨЛІСУ
Алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан айласын асыра білді. Үшінші раундта бір рет қарсыласын нокдаунға түсірсе, төртінші раундта айқын жеңіске жетті. Аргентиналық боксшы төртінші рет нокдаун алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады.
32 жастағы Руслан Мырсатаев кәсіпқой бокстағы төртінші кездесуінде жеңіске жетті. Осыған дейінгі үш кездесуінде де қарсыластарынан басым түскен.
Айта кетейік, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук жұдырықтасады.