Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев спорттық мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз АҚШ-тың Коста-Меса қаласында мексикалық Бальтазар Рамиресті ұтты.
БӨЛІСУ
Алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте төрешілер қазақстандық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.
Айта кетейік, Руслан Мәдиев алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте алғаш рет бақ сынады. Осыған дейінгі алты раундқа жетпеген жеті жекпе-жегінде де қарсыластарынан басым түскен болатын.