"Челси" клубының бас бапкері Жозе Моуринью "Манчестер Юнайтед" Англия құрамасының шабуылшысы Уэйн Руниді ағылшын клубтарының біріне сатуы тиіс деп есептейді.
"Челсидің" 27 жастағы ағылшынды сатып алуға байланысты үшінші ұсынысы аталған командалардың ертең "Олд Траффордта" өтетін кездесуінен соң түседі. Және соның қарсаңында Моуринью МЮ-ді ұсынысқа келісуге шақырды.
Ең жақсы ойыншыны бәсекелестеріне сатар ма еді деген сұраққа португалдық маман "Иә. Италияға қараңыздар - ол жақта мұндай әр маусым сайын болады және ешкімде соған байланысты ешқандай мәселе тумайды." деп жауап қатты.
"Осында неге бұлай екенін білмеймін. Меніңше, "Ойыншыларды сол елде өнер көрсететін клубқа сатпаймын" деген ескі көзқарас трансферлік нарыққа да, ойыншыларға да ешқандай көмек тигізбейді".
"Ойыншыларды өз чемпионатыңда сақтап қалған кезде, сіз сол чемпионатты одан әрі мықты ете түсесіз. Ал ойыншыны басқа елге сату, менің ойымша, лигаға ешқандай пайда әкелмейді", - дейді Моуринью Daily Mirror-ге берген сұхбатында.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: chelsearus.com