Рой Ходжсон алған бетінен қайтты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Рой Ходжсон алған бетінен қайтты

Жексенбі күні футболдан Англия ұлттық құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон жазда Бразилия жерінде өтетін Әлем чемпионатына футболшылардың әйелі немесе көңіл қосып жүрген сүйіктілерімен баруына рұқсат берді. Осыған дейін аталған елдің ойыншылары мундиальға жалғыз барады деген сыбыстар тараған болатын.

БӨЛІСУ

Бас бапкердің айтуынша, футболшы жарын немесе сүйіктісін дүбірлі додаға алып баруды өзі шешсін деген тоқтамға келіп отыр. Алайда Бразилия елінің өте қауіпті екенін естен шығармағаны абзал екенін ескерткен. Оқу-жаттығу жиындарын бастағаннан кейін, Әлем чемпионатына баратын футболшылардың жұбайларын да таныстыратынын жеткізіпті.

Естеріңізге сала кетсек, Англия ұлттық құрамасы «D» тобында Уругвай, Коста-Рика және Италия құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді. Ал Әлем чемпионаты 12 маусым күні Бразилия мен Хорватия ұлттық құрамаларының ойынымен шымылдығын түреді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: mediaport.ua