Роналдудың әлеуметтік желідегі оқырмандар саны 1 миллиардқа жетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Роналдудың әлеуметтік желідегі оқырмандар саны 1 миллиардқа жетті
Фото ©️ ESPN

Португалия ұлттық құрамасы мен "Әл-Наср" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір рекорд биігін бағындырды. Оның әлеуметтік желілерде қарайтын оқырмандар саны 1 миллиардқа жетті, – деп хабарлайды msports.kz.

БӨЛІСУ

Бұл тарихи сәт – 1 миллиард жазылушы! Бұл жай ғана сан емес – бұл біздің ортақ құштарлығымыздың, жігеріміздің және ойынға деген, сондай-ақ оның шегінен тысқары махаббатымыздың дәлелі.

Мадейраның көшелерінен әлемдегі ең үлкен сахналарға дейін мен әрқашан отбасым үшін және сіздер үшін ойнадым, енді біз 1 миллиард болдық. Маған сенім білдіргендеріңіз үшін, қолдауларыңыз үшін және өмірімнің бір бөлігі болғандарыңыз үшін рақмет. Ең үздік сәттер әлі алда, біз бірге жеңіске жетіп, тарих жасаймыз!, - деп жазды футболшы. 

Роналдуның әлеуметтік желілердегі статистикасы: 

Instagram – 639 061 429
Facebook – 170 509 113
X – 113 026 345
YouTube – 60 500 284
KuaiShou – 9 372 710
Weibo – 7 530 121

Айта кетейік, Роналду жуырда ғана ресми ойындарда 900 гол соққан алғашқы ойыншы атанған болатын.