Роналдуды жазалаған төреші жазаланды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Роналдуды жазалаған төреші жазаланды

Жақында ғана өткен Испания Ла-Лигасының ХХІІ тур ойындары кездесуінде мадридтік «Реалдың» «командирі» Криштиану Роналду алаңнан қуылған болатын. Бүгін аталған елдің тәртіптік бақылау комитеті алаңнан әйгілі футболшыны жазалаған төрешіні жазалады.

БӨЛІСУ

Бильбаолық «Атлетик» пен мадридтік «Реал» арасындағы сол кездесуде 1:1 есебі тіркелген болатын. 76 минутта португалдық жартылай қорғаушы алаңнан қуылды. Бас қазы Айсу Гамес ойланбастан Роналдуға қызыл қағаз көрсеткен-ді. Бүгін төрешінің бұл шешімі қате болғаны анықталды. Енді валенсиялық қазы бір ай Ла-Лига ойындары мен осы маусымдағы «корольдік клубтың» ойындарына қазылық етпейді. Сонымен қатар, келер маусымнан бастап Испанияның төменгі дивизионындағы кездесулерге қазылық жасауға дейін дәрежесі төмендеуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, сол кездесудегі Криштиану Роналдудың тәртібі үшін, тәртіптік бақылау комитеті футболшының алдағы 3 кездесуге қатыспайтыны туралы шешім шығарған еді. Енді ол шешім де алдағы уақытта өз күшін жойып, немесе қатыспайтын ойындар саны қысқартылмақ.

Оқи отырыңыз:

Роналду туралы 10 үздік пікір

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz