Роналду "Ювентустегі" алғашқы жүлдесін жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Роналду "Ювентустегі" алғашқы жүлдесін жеңіп алды
Фото ©️ Stadium Astro

"Ювентус" футбол клубы "Миланды" ұтып, Италия Суперкубогын иеленді. Ойында Криштиану Роналду соққан гол туриндік командаға жеңіс сыйлады.

БӨЛІСУ

Екі команда арасындағы ойын Сауд Арабиясында өтті. Джидда қаласындағы "Кинг Абдулла Спортс Сити" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 61 минутта Роналду соқты.

"Милан" ойынды 10 ойыншымен аяқтады. 73 минутта Франк Кессье өрескел ереже бұзғаны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

"Ювентус" өз тарихында Италия Суперкубогын 8-ші рет жеңіп алды. Бұл - рекордтық көрсеткіш. 7 рет ұтқан "Миланды" басып озды.

2018 жылдың жазында туриндік клубтың сапын толықтырған Криштиану Роналду алғашқы жүлдесіне ие болды. Италиялық ұжым шабуылшыны өз қатарларына қосу үшін 112 миллион еуро шығындаған болатын.