Бүгін әлем таныған футболшы Криштиану Роналдудың туған күні. Алайда мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы бүгін үш ойынға шеттетілгені мәлім болды. Десе де португалдық футболшы туған күнінде алғаш рет жасыл алаңға шыққалы отыр.
Испания Ла-Лигасының 22 тур ойындары аясында «Атлетик» пен «Реал» кездесуінде Криштиану Роналду алаң иелері қорғаушысы Карлос Гурпегимен қақтығысып, артынша Андер Итурраспемен де келіспеушілік салдарынан алаңнан қуылған болатын. Соңынан төрешіге танытқан қылығы тағы да бар-ды. Осыны ескерген Испания футболы бақылау комитеті футболшыны үш ойыннан шеттетуге шешім шығарды. Енді «корольдік клубтың» сұрмергені өз алаңында болатын «Вильярреал» мен «Эльче», және қонақта өтетін «Хетафе» кездесулеріне қатыспайды.
Сонымен қатар, 29 жасқа толған Криштиану Роналду туған күнінде алғаш рет жасыл алаңға шыққалы отыр. Бүгін мадридтік «Реал» Испания Кубогы жартылай финалы кездесуі аясында «Сантьяго Бернабеуде» «Атлетиконы» қабылдайды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай