Роналду төртінші рет «Алтын бутсы» марапатын иеленді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Роналду төртінші рет «Алтын бутсы» марапатын иеленді
Фото ©️ vk.com

Футболдан Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду төртінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды. Бұл туралы «корольдік клубтың» «twitter» желісіндегі жеке парақшасы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

«Алтын бутсы» марапаты бір футбол маусымында ең көп гол соққан футболшыға беріледі. Криштиану Роналду өткен маусымда 35 ойында 48 гол соққан болатын. Шабуылшыға мәртебелі сыйлықты мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес табыстады.