Роналду футболшы болмағанда кім болар еді?

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Роналду футболшы болмағанда кім болар еді?
Фото ©️ Sportbox

Футбол әлеміндегі ең танымал тұлғалардың бірі – Криштиану Роналду. Жуырда ол Globo Esporte басылымына берген сұхбатында футболшы болмағанда қандай маман иесі болатыны жайлы сұраққа жауап берді.

БӨЛІСУ

– Егер мен футболшы болмағанда, актер немесе модель болар едім. Тіпті, білмеймін де. Актер болар едім, шамасы, бірақ талантымды тексеріп көрмеппін. Бірақ маған еңбектенсең бәріне қол жеткізуге болатын секілді. Жақсы көретін фильмдерім өте көп. Деректі фильмдерді ұнатамын. Оның ішінде "The Silence of the Lambs" фильмі жаныма жақын. Маған драма ұнайды, – дейді футболшы.

Айта кетейік, Роналду өткен жазда "Реалдан" "Ювентуске" ауысып келген. Туриндік клуб ойыншы үшін 117 миллион еуро шығындалған болатын. Келісімшарты 2022 жылға дейін жасалған.