Роналду екі бірдей гол соққан ойында "Ювентус" жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Роналду екі бірдей гол соққан ойында "Ювентус" жеңіске жетті
Фото ©️ vk.com

Жазғы трансфер кезеңінде "Реал Мадридтен" Туриннің "Ювентус" клубына ауысқан Криштиану Роналду Италия чемпионатындағы алғашқы ресми голын соқты.

БӨЛІСУ

Жанкүйерлер португалдық футболшының ресми голын асыға күтті. Бүгін өткен "Сассуолоға" қарсы ойында екі бірдей гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Алғашқы голын 50 минутта, екінші голын 65 минутта соқты. Ойын соңында қонақтар есепті бір голға қысқартты. Ойын 2:1 есебімен аяқталып, алаң иелері 3 ұпайға ие болды.

Криштиану Роналду бүгін ұлттық чемпионаттарда (Португалия, Англия, Испания және Италия) соққан голдар санын 400-ге жеткізді. Ол 4 елдің лигасында 517 ойынға қатысқан. Нақтырақ айтар болсақ, "Спортингте" – 3, "Манчестер Юнайтедте" – 84, "Реалда" 311 гол соққан. Ал бүгін дубль жасады.

"Ювентус" футболшының трансферлік құнына 100 миллион еуро шығындады. Оны "корольдік клубқа" 2 жыл ішінде төлейтін болады. Сондай-ақ тағы бұрынғы командасына 12 миллион еуро береді.