Испания Ла-Лигасының тәртіптік бақылау комитеті Криштиану Роналдуды бірнеше ойыннан шеттетуі мүмкін. Бұл сенбі күні өткен «Эль -Класикодан» кейін орын алып отыр.
Кезекті испан алыптарының кездесуінде каталондық «Барселона» басты қарсыласы мадридтік «Реалды» тізе бүктірді. Сол кездесуде португалдық футболшы бас қазы Ундиано Мальенко намысына тиетін сөздер айтқан көрінеді. Бұл «корольдік клуб» қақпасына екінші гол кіргеннен кейінгі жағдайда, төреші 11 метрлік айып добын белгілемеген сәтінде орын алған. Енді алдағы уақытта Роналдудың бұл тәртіпсіздігіне қарсы шешім қабылданатын болады.
Естеріңізге сала кететін болсақ, «Камп Ноуда» өткен кездесу 2:1 есебімен Херардо Мартино шәкірттерінің пайдасына шешілген болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com