Роналду бір ойында үш гол салып, командасын бірінші орынға шығарды

Аслан Қажиев Корреспондент
Аслан Қажиев>
Роналду бір ойында үш гол салып, командасын бірінші орынға шығарды
Фото ©️ sportbox.com

Туриндік "Ювентус" футболдан Италия чемпионатының 18-кезеңінде өз алаңында "Кальяри" командасын талқандады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

БӨЛІСУ

Туринде өткен ойын 4:0 есебімен аяқталды. Криштиану Роналду хет-трик орындады (49-шы және 82-ші минуттарда) қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді, ал (67-ші минутта) пенальти орындау кезінде мүлт кеткен жоқ. Тағы бір голдың авторы (81-ші минутта) аргентиналық Гонсало Игуаин болды, ол кезде де португалиялық футболшы нәтижелі пас шығарған еді.

 
45 ұпай жинаған "Ювентус" бірінші орынға қайтып келді, ал 29 ұпайы бар "Кальяри" алтыншы орында. Туриндіктер "Интер" командасында қосымша көрсеткіштермен ғана озып тұр, алайда миландықтар 18-кезеңдегі ойынды "Наполиге" қарсы өткізеді.