Роналду «Алтын допты» аларына сенімді ме?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Роналду «Алтын допты» аларына сенімді ме?

Португалия мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду 13 қаңтар күні Цюрихте өтетін «Алтын доп» иегерін марапаттайтын салтанатты кешке отбасымен баратын болды.

БӨЛІСУ

2 күннен кейін Швейцария жерінде өтетін, әлем асыға күткен кешке футболшы анасы, ағасы мен екі әпкесін ертіп барады. Футбол тарихындағы бұл кешке отбасымен келген алғашқы футболшы болмақ. Ендеше мұны шабуылшының  «Алтын допты» өзі алатынына тағы бір сенімінің көрінісі десек болады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін твиттердегі Barcastuff жеке парақшасы Роналдудың салтанатты кешке қатыспаймын деп жариялап, сосын келетін болғанын басты назарға алып, «Алтын допты» португалдық футболшы алатынына сенім білдірген болатын.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: vk.com