Роналду әлем чемпионатының топтық кезеңіне қатыспауы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Роналду әлем чемпионатының топтық кезеңіне қатыспауы мүмкін

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду дайындығын пысықтап жатқан жаттығу барысында жарақат алды. Нәтижесінде футболшыға «мундиальдің» топтық кезеңіне қатыспау қаупі төніп тұр.

БӨЛІСУ

Жаттығу барысында сол аяғының балтыр бұлшықетін жарақаттап алған әлемдегі ең танымал футболшы жылдам сауығып сапқа оралудың жолын қарастыруда. Дегенмен қатарға толықтай қосылу үшін топтық кезең ойындарына қатыспауы қажет екен. Әзірге, 29 жастағы Роналду мен оның дәрігерлері қандай шешім қабылдары белгісіз. 

Естеріңізге сала кетсек, Паулу Бенту баптайтын португалдықтар «G» тобында Германия, Гана және АҚШ құрамаларымен сынға түсетін болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.nur.kz