Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін. Бұл туралы «Globo Esporte» басылымы хабарлап отыр.
Қазіргі таңда Португалия жастары Еуропа ойындарының финалына шығу көрсеткіші бойынша Олимпиадаға жолдама иеленіп үлгерді. Енді ережеге сәйкес, Олимпиада ойындарында құрама сапына 23 жастан асқан үш ойыншыны қосуға болады. Осыған орай Португалия футбол қауымдастығы Роналдуға қатысуға өтініш білдіріп көрмек.
- Роналдудың Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі бар. Біздің Олимпиадаға 23 жастан асқан үш ойыншыны алып баруымызға құқығымыз бар. Роналду – үшеудің біреуі болуы мүмкін. Бірақ әлі ресми ұсыныс жасаған жоқпыз, - деді Португалия футбол қауымдастығының президенті Фернанду Гомеш.
Айта кетейік, Криштиану Роналду клубтық деңгейде талай жетістіктерге жеткенмен, Португалия құрамасы сапында биік белестерді бағындыра алмаған. Тек 2004 жылы ғана Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Қазірге дейін ұлттық құрама сапында 120 ресми кездесуге қатысып, 55 гол соққан.