Әлемге әйгілі бразилиялық футболшы Роналдинью өзінің спорттық мансабын қайда жалғастыратынын ойланумен жүр. Оның қазіргі "Атлетико Минейро" командасымен арадағы келісім-шарты алдағы қыста аяқталады.
Бразилиялық клуб әлем футболының жұлдызын өз қатарында сақтап қалу жолында тер төгуде. Дегенмен Роналдинью Еуропаға қайта оралғысы келеді. Ал қазіргі таңда жартылай қорғаушыға түркиялық «Бешикташ» клубы келісімшарт ұсынуда.
- Мен қазір жарақатымнан тезірек айығуды ойлап жүрмін. Ал спорттық мансабымды қайда жалғастырарым туралы да ойланатын боламын» - деді esporte.uol.com.br сайтына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кететін болсақ, Роналдинью желтоқсан айында "Атлетико Минейро" командасымен клубтар арасындағы Әлем чемпионатына қатысады.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай