Роналдиньо ойыншылары қаза болған «Шапокоэнсе» клубында ойнауы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Роналдиньо ойыншылары қаза болған «Шапокоэнсе» клубында ойнауы мүмкін
Фото ©️ sport.bigmir.net

Әйгілі бразилиялық ойыншы Роналдиньо жақында ғана әуе апатынан ойыншылары қаза болған «Шапокоэнсе» клубында бақ сынауы мүмкін. Бұл туралы футболшының ағасы әрі агенті Роберто Ассис хабарлады.

БӨЛІСУ

- Қазір клуб үшін ең ауыр кезең. Алдағы уақытта командадан ұсыныс түссе, қарсы емеспіз. Роналдиньо көмек қолын созуға дайын. Барлық бразилиялықтар қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтады. Біз біргеміз, - деді Роберто Ассис.

Айта кетейік, бразилиялық команда Медельинге Оңтүстік Америка кубогының алғашқы финалдық ойынына қатысу үшін ұшып бара жатқан жолда апатқа ұшыраған еді. Команданың 19 ойыншысы мен жаттықтырушылары қаза тапқан-ды.

Бразилиялық командада Роналдиньодан өзге 38 жастағы аргентиналық ойыншы Хуан Роман Рикельме де ойнауға дайын екендігін мәлімдеп отыр.

Осыған дейін бразилиялық клубтың басшылары бірнеше жылға тегін бір-бір футболшыдан беруге дайын екендіктерін хабарлаған болатын. Сондай-ақ олар «Шапокоэнсе» клубы Бразилияның жоғарғы біріншілігінде 3 жылға дейін көрсеткен нәтижесіне қарамай, өз орнын сақтап қалуын ұсынған еді. Ал финалда ойнауы тиіс болған Колумбияның «Атлетико Насьональ» командасы бразилиялық ұжымды жеңімпаз ретінде таныды.