Футболдан Бразилия құрамасының сапында 2002 жылы әлем чемпионы атанған Роналдиньо мансабын жалғастыруы мүмкін.
40 жастағы спортшы Аргентинаның "Химнасия и Эсгрима" командасынан ұсыныс алған. Marca басылымының мәліметінше, Роналдиньоны команданың бас бапкері Диего Марадонаның өзі шақырған.
"Алтын доп" иегері мансабын 2018 жылы аяқтаған. Соңғы рет футболшыға "Химнасия" командасы 2016 жылы ұсыныс жасап, қос тарап бір келісімге келе алмаған.
Роналдиньо 2003-2008 жылдары "Барселона" сапында жасындай жарқылдады. Чемпиондар лигасында топ жарып, 2006 жылы "Алтын допты" иемденді.
Бразилиялық футболшы мансабында "Барселонадан" бөлек "Гремио", ПСЖ, "Милан", "Фламенго", "Атлетико Минейро" және "Керетаро" командаларында доп тепкен. Сондай-ақ, 2016 жылы шағын футболда бағын сынап көрді.