Роман Жайлауов спорттық мансабында алғаш рет жеңілді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Роман Жайлауов спорттық мансабында алғаш рет жеңілді
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Роман Жайлауов спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. Оңтүстік Африкада өткен жекпе-жекте отандасымыз жергілікті боксшы Томпсон Мокванаға төрешілер шешімімен жеңілді.

БӨЛІСУ

Роман Жайлауов сегіз раундқа созылған жекпе-жектің басынан соңына дейін бірінші нөмірмен өнер көрсетті. Қарсыласын қыспаққа ала жұдырықтасқанмен, төрешілер Томпсон Моквананы жеңімпаз ретінде таныды. Қазақстандық боксшы шаршы алаңда өзін салмақты, сенімді ұстағанмен, жойқын соққыларымен ерекшелене алмағаны рас. Алайда қарсыласына қарағанда ширақ қимылдағаны айқын болатын. Төрешілер 78:77, 75:77, 75:77 нәтижелерімен Томпсон Моквананы басым түсті деп бағалады.

Айта кетейік, Роман Жайлауов спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып отыр. Осыған дейін 15 жекпе-жек өткізген отандасымыз қарсыластарының барлығынан басым түскен еді.