Швейцариялық теннисші Роджер Федерер демалысқа кететіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport.ru.
БӨЛІСУ
"Мен шаршадым. Оның үстіне жарақатым бар. Маған ұзақ мерзімді демалыс керек. 6 немесе 12 ай демалысқа шықпақпын", - деді спортшы журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетелік, 31 жастағы Федерер әлемдік АТР рейтингісінің көшбасшысы. Ол, сонымен қатар, Үлкен шлем турнирінің 17 дүркін чемпионы және кәсіби теннис тарихындағы ең көп сыйақыға ие болған (73 миллион доллардан астам) рекордшы.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: sports-news.com.ua