Роберт Левандовский "Реалға" қарсы ойнамауы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Роберт Левандовский "Реалға" қарсы ойнамауы мүмкін
Фото ©️ KeywordSuggest.org

Мюнхендік "Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандовский жаттығу кезінде жарақат алды. Нәтижесінде команданың бундеслигадағы "Боруссия Дортмунд" (8 сәуір) пен Чемпиондар лигасындағы "Реалға" (13 сәуір) қарсы ойынына қатыспауы мүмкін.

БӨЛІСУ

40 минуттай командамен жаттыққан футболшы 7-ге 7 болып футбол ойнаған сәтте жарақат алған. Оң жамбасын ұстаған күйі жаттығуды ерте аяқтауға мәжбүр болған.

Команда 28 жастағы футболшының жарақатына байланысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Неміс басылымдарының жазуы бойынша Роберт Левандовский "Боруссия Д" мен "Реалға" қарсы ойынға қатыса алмайды.

Айта кетейік, поляк шабуылшысы осы маусымда бундеслигадағы ойындарда 24 гол, Чемпиондар лигасында 7 гол соғып үлгерді.