Ресейлік қыз көш бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ресейлік қыз көш бастады

Forbes журналы әйелдер арасында жылдық табысы қомақты спортшылардың тізімін жариялады. Бұл тізімде ресейлік теннисші қыз Мария Шарапова көш бастады.

БӨЛІСУ

Ресейлік теннисшінің жылдық табысы 29 миллион долларды құрап отыр. Бұл қаржының 23 миллион доллары демеушілік келісімдер нәтижесінде келсе, қалған 6 миллион долларды жарыстарда жоғары көрсеткіш алу арқылы қол жеткізген. Forbes мәліметі бойынша, 26 жастағы теннисші қыз өзінің спорттық мансабында жарнамаға түсу арқылы 180 миллион доллар қаржы тапса, ал жарыс жүлдесін иелену арқылы 27 миллион доллар табысқа кенелген.

Әйелдер арасында жылдық табысы мол спортшылардың төрттігін теннисші қыздар иеленген. Бұл осы спорт түрінің жүлде қоры қомақты екенін аңғартып-ақ тұрғандай. Американдық теннисші Серена Уильямстың жылдық табысы 20,5 миллион долларды құрап, екінші сатыдан көрінсе, үштікті қытайлық қыз Ли На (18,2 миллион доллар) қорытындылап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, Forbes журналы шілде айында ерлер арасында жылдық табысы мол спортшылардың тізімін жариялаған болатын. Көш басын американдық гольфшы Тайгер Вудс 78,1 миллион доллармен бастаса, екінші орынды швейцариялық теннисші Роджер Федерер (71,5 миллион доллар) иеленсе, баскетболшы Коби Брайант 61,9 миллион доллармен үштікті қорытындылаған-ды.

Әйелдер арасында жылдық табысы мол спортшылар ондығы:

1. Мария Шарапова (29 миллион доллар)
2. Серена Уильямс (20,5 миллион доллар)
3. Ли На (18,2 миллион доллар)
4. Виктория Азаренко (15,7 миллион доллар)
5. Даник Патрик (15 миллион доллар)
6. Ким Ен А (14 миллион доллар)
7. Каролин Возняцки (13,6 миллион доллар)
8. Агнешка Радваньска (7,4 миллион доллар)
9. Ана Иванович (7 миллион доллар)
10. Пола Кример (5,5 миллион доллар)

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: rsport.ru