"Қайрат" футбол клубы ресейлік 28 жастағы қорғаушы Егор Сорокинмен келісімшартқа отырды. Бұл туралы алматылық команданың баспасөз қызметі хабарлады.
БӨЛІСУ
Келісімшарт 2025 жылғы маусымының соңына дейін жасалған.
Егор санкт-петербургтік СДЮСШОР-1 түлегі. Ресейде кәсіби деңгейде "Тосно", "Рубин", "Нефтехимик" пен "Краснодар" командаларында өнер көрсеткен. Соңғы командасымен РПЛ-дың қола жүлдегері атанды.
2016 жылы маусымды Сорокин "Ақтөбе" командасында өткізді. Қорғаушының соңғы клубы "Елімай" болды. Ол 2024 жылғы наурызда қосылды. Семей командасында барлық турнирде 12 матч өткізді.
Сондай-ақ Ресей құрамасында 1 матч өнер көрсеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram