Қазақстан құрамасына Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды ҚР ҰОК.
БӨЛІСУ
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья үшінші орында тұрған еді. Еркін бағдарламада өз жағдайын жақсартып, нәтижесінде екінші орынға ие болды. Самоделкина жалпы есепте 173,25 ұпай жинады.
Бірінші орынды 192,48 ұпаймен Бельгиядан барған Нина Пинзаррон иеленді. Ал қола жүлдені канадалық Сара-Мод Дюпуа 163,58 ұпаймен жеңіп алды.