Ресей бокс федерациясы өз боксшылары Назымнан жеңілуіне қатысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
Ресей бокс федерациясы өз боксшылары Назымнан жеңілуіне қатысты пікір білдірді
Фото ©️ ©instagram.com/qaz_team_official

Ресей бокс федерациясының баспасөз қызметі Юлия Чумгалакованың Сербияның Нише қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалында қазақстандық Назым Қызайбайдан жеңілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

48 келідегі Чумгалакова алтын үшін айқаста Назымнан 0:5 есебімен жеңілді. 

"Юля, саған бәрі үшін рақмет! Бұл тамаша жекпе-жек болды. Сені қатты жақсы көреміз. Бұл өте қызу айқас болды! Юля, бәрі алда!" - деп жазылған федерация хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады.

Назым Қызайбай туралы не белгілі?

Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Назым Қызайбай финалда ресейлік Юлия Чумгалаковамен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Назым Қызайбай қазақ боксы тарихында үш мәрте әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы атанып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін ол 2014 және 2016 жылы жеңіс тұғырынан көрінген еді. Сондай-ақ, 2024 жылғы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!