Сәрсенбінің кешінде «Корольдік клуб» финалда "Барселонаны" 2:1 есебімен тізе бүктіріп, Испания Кубогін 19-ыншы мәрте төбелеріне көтерген болатын.
Еуропаның ең атышулы спорттық басылымдары аталған ойынның қорытындысын басты бетке шығарып, суреттер мен тақырыпшалар қою арқылы кезекті «Эль-Класикоға» қайырылған екен.
Испандық Marca басылымының кезекті саны "Чемпиондар!" деген бас тақырыппен шығыпты.
Тағы да бір испандық спорт басылымы Mundo Deportivo «Қақпа бағанасы» деген атпен басты бетке "Барселонаның" жылап тұрған ойыншысы Неймардың суретін қойыпты.
Sport.es басылымы басты бетке "Барселонаның" дәуірінің аяқталғанын, кімнің жаңа дәуір бастауға жауапкершілік алатынын болжапты. Басылымның басты мұқабасына алаңнан көңіл-күйсіз кеткен Лионель Мессидің суреті қойылған екен.
L’Esportiu мұқабасына көңіл-күйсіз Мессидің суреті шықса, sportyou.es жеңіс голының авторы Гарет Бэйлдің гол соғу сәтіндегі ғаламат жылдамдығын ескере отырып, оған "Усэйн Бэйл" деп жаңа ат таққан екен.
Испания астанасы Мадридте «Реал» футболшылары жанкүйерлермен бірге жеңісті тойлауда...
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: antena3.com