Футболдан мадридтік «Реалды» алдағы маусымнан бастап неміс маманы Юрген Клопп жаттықтыруы мүмкін. Тіпті испан басылымдары клуб пен бапкер арасындағы келісімшарт туралы ақпараттарды жариялап та үлгерді.
Юрген Клопп осы маусым аяқталысымен дортмундтық «Боруссия» клубындағы қызметінен кетеді. Білікті бапкерге бірден Еуропаның «Арсенал», «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Вест Хэм», «Реал» және «Фенербахче» клубтары қызметке келуіне ұсыныс жасады. Бірақ «1 жыл демалып барып, қайта қызметке орналасамын» деген Юрген Клопп бір күнде «корольдік клубты» баптайтын болып шықты.
Испан басылымдары таратқан ақпарат бойынша Юрген Клопп пен клуб үшжылдық келісімшартқа қол қойған. Жылына 8 миллион евро көлемінде жалақы алатын болады. 30 мамыр күні Германия кубогының финалындағы «Боруссия» мен «Бавария» ойынынан кейін бас бапкер «Сантьяго Бернабеуде» ресми түрде таныстырылады деп жоспарланған.
Мадридтік «Реал» Карло Анчелоттидің қызметінен кеткені туралы ресми түрде хабарлаған жоқ. Ал Юрген Клопп туралы ақпаратқа мәлімдеме бермеді.
Айта кетейік, 2014/2015 жылғы маусымда «корольдік клуб» бірде-бір жарыста жеңімпаз атана алған жоқ. Нәтижесінде Карло Анчелоттиді қызметінен босатуды жөн деп шешсе керек-ті.
Ұқсас жазба