Валиялық жартылай қорғаушы Гарет Бэйл мен португалдық шабуылшы Криштиану Роналдудың - бірінің айлық жалақысын өсіріп, бірін сатып алған күннен бастап (Роналдудың ендігі жылдық жалақысы - 18 миллион еуро) "корольдік клуб" ішінде "Жалақыға соғыс" ашылған көрінеді.
Mundo Deportivo басылымы мадридтіктер сапынан бірден бірнеше ойыншының өз жалақыларын өсіруге құлықты екенін, сол үшін де арыз-тілек жазғанын түсіндіреді. Португалдық қос қорғаушы Пепе мен Фабио Коэнтраудың жылдық жалақылары өсіп отыр екен.
"Реал" басшылығына жалақыларын өсіру турасында тағы бірнеше ойыншы талпыныс жасаған. Серхио Рамос арадағы келісімшартты жақсартқысы келсе, жарақатынан енді айыққан Хаби Алонсо келісімшартты қайта қарастыруға жүгінетінін жеткізген.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: mundodeportivo.com