Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан екі клуб белгілі болды. Алғаш болып бұл белесті мадридтік «Реал» мен Германияның «Вольфсбург» клубы бағындырды.
«Реал» (Испания) – «Рома» (Италия)
1/8 финалда Римнің «Рома» клубы мадридтік команданың қақпасына гол соға алған жоқ. Екі ойында да 2:0 есебімен жеңіске жеткен «Реал» ширек финалға шықты. Қарымта ойында «корольдік клуб сапынан Криштиану Роналду мен Хамес Родригес гол соқты.
Сондай-ақ, мадридтік клубтың үздік сұрмергені Криштиану Роналду плей-офф кезеңіндегі 57-ойынын өткізіп, рекорд орнатты.
«Вольфсбург» (Германия) – «Гент» (Бельгия)
Топтан ойда-жоқта шыққан клубтың бірі «Гент» болатын. Бельгиялық ұжымды Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шығады деп жанкүйерлер күтпеген-ді. Алайда команда бұл кезеңде Германияның «Вольфсбург» клубынан айласына асыра алмады. Бірінші ойында 3:2 есебімен ұтылса, қарымта ойында 1:0 есебімен жеңілді.
Бүгін түнде Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан тағы екі клуб анықталады. Астана уақытымен сағат 23:00-де «Зенит» пен «Бенфика» ойнаса, 01:45-те «Челси» мен «ПСЖ» қарымта ойын өткізеді.