"Реал Мадрид" Халықаралық чемпиондар кубогында "Рома" командасын жеңді

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Тұрсынбек Раушанұлы>
"Реал Мадрид" Халықаралық чемпиондар кубогында "Рома" командасын жеңді
Фото ©️ football.u

"Реал Мадрид" Халықаралық чемпиондар кубогында италиялық "Рома" командасын жеңді. Ист-Ратерфордта (АҚШ) "Метлайф-стэдиум" стадионындағы ойын испан клубының 2:1 жеңісімен аяқталды. 

БӨЛІСУ

"Реал" футболшылары ойынды ширақ бастап, кездесудің екінші минутында-ақ Гарет Бэйлдің пасын нәтижелі пайдаланған Асенсио есепті ашты. Арада 13 минут өткенде уэльстік шабуылшының өзі испаниялық қорғаушы Даниэл Карвахальдің пасын голға айналдырып, таблоға өз есімін жаздырып қойды. Кездесу соңына қарай, ойынның 83 минутында ромалықтар нидерландиялық жартылай қорғаушы Кевин Стротманнның көмегімен есептегі айырмашылықты қысқартты.

Реал – Рома 2:1
Голдар: Асенсио, 2, Бэйл, 15 – Стротман, 83. 
Реал: Навас — Рамос (Хавьер Санчес, 46), Регилон (Леон, 71), Карвахаль (Серхио Лопес, 71), Начо (де Томас, 82) — Иско (Вальверде, 56), Кроос (Льоренте, 46), Асенсио (Винисиус Жуниор, 57), Себальос (Эдегор, 71) — Бэйл (Васкес, 56), Бензема (Майораль, 57). 
Рома: Ольсен (Миранте, 46) — Маркано (Жезус, 63), Фасио (Манолас, 46), Коларов (Сантон, 71), Флоренци (Карсдорп, 63) — Пасторе (Стротман, 63), де Росси (Гоналон, 46), Эль-Шаарави (Шик, 46), Кристанте (Пеллегрини, 46), Перотти (Клюйверт, 46) — Джеко (Чорич, 72). 
Ескерту: Себальос.