"Реал" жартылай қорғаушысы футбол тарихына есімін жазды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Реал" жартылай қорғаушысы футбол тарихына есімін жазды
Фото ©️ @FA

Ағылшындық Джуд Беллингем әлемдік футбол тарихына өз есімін жазды. Ол 21 жасына дейін үш бірдей ірі жарыста бақ сынаған алғашқы еуропалық футболшы атанды.

БӨЛІСУ

Беллингем 2020 жылғы Еуропа чемпионатына, 2022 жылы әлем чемпионатына қатысты. Ал қазір Германиядағы доп додасында бақ сынауда. Бұл оның мансабындағы ең ірі үшінші жарыс саналып отыр. 

Айта кетейік, түнде Англия құрамасы Беллингем соққан голдың арқасында жеңіске жетті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!