"Реал" Чемпиондар лигасын ұтқаны үшін "Боруссияға" 4,5 миллион еуро төлейді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Реал" Чемпиондар лигасын ұтқаны үшін "Боруссияға" 4,5 миллион еуро төлейді

Биылғы Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен Мадридтің "Реал" командасы "Боруссияға" 4,5 миллион еуро төлейді. Оған жартылай қорғаушы Джуд Беллингемнің ауысып келуі себеп. 

БӨЛІСУ

Bild ақпараты бойынша "корольдік клуб" Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанса, келісімшарт бойынша 4,5 миллион еуро төлеу жайы қарастырылған. 

Бұған дейін "Реал" тағы бір келісім бойынша Беллингеммен Испания чемпионы атанғаны үшін 5 миллион еуроға жуық қаржы төлеген болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!