«Реал» «Баварияны» жеңе ме?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«Реал» «Баварияны» жеңе ме?

Бүгін Чемпиондар лигасы жартылай финалының екінші кездесуі өтеді. Мадридтік «Реал» мен мюнхендік «Бавария» арасындағы тартысты ойынды жіберіп алмаңыздар.

БӨЛІСУ


Санаулы сағаттардан кейін футболсүйер қауым «Сантьяго Бернабеу» стадионына көз тігері анық. «Неміс машинасын» бүгін «корольдік клуб» тоқтата алар ма екен? Еуропаның басты бәсекесіндегі сында екі клуб та аянып қалмасы анық. Ал қонақтар бапкері Хосеп Гвардиола «Реалды» зерттеген десек те болады. Карло Анчелотти да оңай жүйе ұстана қоймасы белгілі. Өз алаңындағы басымдық ауадай қажет. Германияда оңай соқпасы тағы да бар. Осыған дейін дортмундтық «Боруссия» дәлелдеп берді десек те болады. Ал бұл – «Бавария»...

Сонымен бүгін жергілікті жанкүйерлер Криштиану Роналдудан үміт күтуде. Гарет Бэйл да соңғы ойындарында сәтті өнер көрсетуде. Алайда осы кездесу алдында аздап сырқаттанып қалған валийлік футболшы ойынға шықпауы да мүмкін. Ал мюнхендіктер қатарынан алаңға шығатын футболшылар сақадай-сай. Қонақта соғылған голдың басымдығын назарда ұстары хақ. Аздап жарақаты болған Мануэль Нойер де ойынға араласады деп күтілуде.

Кездесу алдындағы командалар құрамы


Сонымен бүгін түнгі 00:45-те басталатын кездесу туралы букмекерлік орталықтар да өз болжамдарын ұсынуда. «Реал» жеңісіне – 2,51 коэффициент, тең ойынға – 3,43 коэффициент, «Бавария» жеңісіне – 2,73 коэффициент беріп отыр.

Екі команда арасындағы кездесулерден статистика


- Бүгінгі ойын - "Реал" мен "Бавария" арасындағы 21-ші кездесу болмақ. Дәл қазіргі таңда басымдылық неміс клубы жағында екен - 11 жеңіс, екі тең есеп пен жеті жеңіліс. 

- Командалар Чемпиондар Лигасының жартылай финалында бес мәрте жолығысып, бір жолы ғана (2000 жылы) "Реал" ойыншылары жеңімпаз атанған. Екі жыл бұрын қарсыластар өз алаңдарында бірдей есеппен жеңіске жеткен болатын (2:1), ал пенальти "лотереясында" мюнхендік клубтың бағы жоғары болып еді. 

- «Реал» «Баварияға» қарсы соңғы төрт үй ойынында жеңіске жетіпті. 

- «Реалдың» бас бапкері Анчелотти әлі бірде-бір рет "Баварияға" жеңілмеген екен. "Миланның" тізгінін ұстаған шақта италиялық маман мюнхендік клубпен өткізген алты кездесуде төрт рет жеңіске жетіп, екі рет тең есеппен аяқтаған. 

- Гвардиоланың "Реалмен" статистикалық кездесуі ауқымды келеді: 15 кездесу, оның тоғызында жеңіс, төрт рет тең есеп, екі жеңіліс орын алыпты.  Соғылған және жіберген доптар айырмашылығы - 33:15.

Мадрид төрінде өтетін кездесуге ағылшындық төреші Ховард Уэбб бастаған қазылар жұбы төрелік жасайды. Оған Майкл Малларки мен Дэррен Кэн көмектессе, қақпа алдындағы қарбаласты Мартин Аткинсон мен Энтони Тэйлор қадағалайтын болады. Қосымша қазы қызметін Стивен Чайлд атқарады.

Жанкүйер қауым асыға күткен кездесулерді «КТК» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru, sport.news.am