"Реал" басшылығы Анчелоттиді алмастыратын бапкер іздеуде

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
BAUKENTI ZHAQSYMBET>
"Реал" басшылығы Анчелоттиді алмастыратын бапкер іздеуде
Фото ©️ www.sportline.bg

Чемпиондар лигасының жартылай финалынан сүрінген испаниялық «Реал Мадрид» футбол клубының басшылығы, команданың қазіргі жаттықтырушысы Карло Анчелоттидың орнына жаңа бапкер іздеуге кірісті. Анчелоттидың биылғы маусымдағы сәтсіз тактикалары команда қоржынына ешқандай кубок сыйлай алмады.

БӨЛІСУ

Корольдік клуб жаңа маусымды білікті бапкермен бастағанды жөн көріп отыр. Қазіргі уақытта үміткерлердің арасына «Реалдың» бұрыңғы ойыншысы Зинедин Зидан, германияның «Боруссия» командасын жаттықтырған Юрген Клопп, «Наполи» тасын өрге домалатқан Рафаэль Бенитес, және «Интер» жаттықтырушысы Роберто Манчини мен ресейлік «Зенит» футбол клубының бас бапкері Андре-Виллаш-Боаш еніп отыр.

Естеріңізге сала кетсек «Реал Мадрид» футбол клубы чемпиондар лигасының жартылай финалында италияның «Ювентус» футбол клубына есе жіберіп, Берлинге барар жолды ерте аяқтауға мәжбүр болды. Ал испания біріншілігінде топ бастап тұрған каталондық «Барселона» футбол клубынан 4 ұпай қалып келеді.